«Әміре» фильмін тамашалау
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
16-05-2018 14:40
«Әміре» фильмін тамашалау
Биыл - шет елде тұңғыш ән салған қазақ, актер, атақты әнші Әміре Қашаубаевтың дүниеге келгеніне 130 жыл.
Қазақтың тенор дауысты біртуар әншіcінің қамшының сабындай  қысқа да, жарқын ғұмырын баяндайтын «Әміре» фильмі еліміздегі кинотеатрларда көрсетіліп жатқаны белгілі. Әйгілі әншінің Парижге барған сәтін бейнелейтін туындыны жақында Семей қаласының «Арнаулы әлеметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-і қызмет алушылары да өзгелерден қалыс қалмай қаламыздағы «Дастан»кинотеатрынан тамашалап қайтты. Бұл кинотеатрға бару әлеуметтік - мәдени қызметтің бір жағы. 
Қарапайым адам Париждегі Экспоға барып, үлкен жетістікке жетуі  ұрпағы мақтанарлықтай. Біздің қызмет алушылар фильмнен үлкен әсер алды: әйгілі әншінің өмірімен танысты. 
 
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ