Басы » жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал » Жаналықтар » Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
12-06-2018 15:35
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары
Ағымдағы жылдың 5 айында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 3847 адам қамтылды. Оның ішінде, 1422 адам - жұмыссыздар санаты бойынша,  183 адам - өзін-өзі жұмыспен қамтығандар,  2240 адам - жұмыс іздеуші тұлғалар және 2 қоныс аударушылар.
Бағдарламаның бірінші бағыты аясында (Бағдарлама қатысушыларын техникалық және кәсіптік білімін және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту)  қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға нарықтағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша 320 адам жолданды жылдық жоспар 765 адам. Оқыту қаланың 10 оқу орындарында дәнекерлеуші (барлық түрлері), күш желілері мен электр жабдықтарының электр монтаждаушысы, слесарь-сантехник, сәнгер-шаштараз, кондитер, а/ш өндірістік трактор – жүргізушісі, кран машинисті, «В» категория жүргізушісі, аспаз – кондитер, электрлігазбен дәнекерлеуші, аяқ киім жөндеуші, әрлеуші т.б. сияқты 18 мамандық бойынша жүргізіледі. 
Техникалық және кәсіптік білімімен кадрларды даярлауда 2017 жылы оқуға жіберілгендер қатарынан 383 адам оқуларын жалғастыруда. Оқыту қала және басқа өңірлердің 11 колледжінде нарықтағы сұранысқа ие 17 мамандық бойынша: автокран жүргізушісі, кең профильді станокшы, тігінші, бульдозер жүргізушісі, электрогаз дәнекерлеушісі және т.б. жүргізілуде.
Бағдарламаның екінші бағыты аясында (Жаппай кәсіпкерлікті дамыту) шағын несиелендіру мәселесі бойынша өтініш беруші үміткерлердің саны 174 адам, олардан 72 - іске асырылудағы бизнесті кеңейтуге және 102 – өз ісін ашуға, оның ішінде 132 өтініш ауылдық елді мекендерінен және 42 - қаладан. Орталық іске асырылудағы бизнесті кеңейтуге 73 жолдама берді, оның ішінде 41 – екінші деңгейлі банктерге, 27- «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына» АҚ және 5-несиелік серіктестіктерге.
Екінші деңгейлі банктер арқылы 7 қатысушы 81,0 млн.теңге сомасында шағын несие алды, оның ішінде 6 қатысушы 73,0 млн. тенге сомасында қолданыстағы бизнесті кеңейтуге және 1 қатысушы 8,0 млн. теңге сомасында  өз ісін ашуға (сән үйі).  «Бастау-Кеңесші» бағдарламасы аясында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы арқылы кәсіпкерліктің негіздерін оқытудан 60 адам өтті. 
Бағдарламаның үшінші бағыты аясында (Халықты жұмыспен қамтуға  жәрдемдесу және еңбектік ресурстар ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту) 2372 адам тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасты, бағдарлама аясында жүзеге асырылатын жобаларға 280 адам жолданды. 
Уақытша әлеуметтік жұмыс орындарына 240 адам жұмысқа орналасты, жылдық жоспар 290 адам. Қоғамдық жұмыстарға 448 адам жұмысқа орналасты, жылдық жоспар 450 адам. Жастар практикасына 187 оқыту мекемелерінің түлектері қатысты, жылдық жоспар 346 адам. Жастар практикасын жалғастырушы 256 адам 2017 жылда жіберілген қатысушылар қатарынан. 
Жанұя мүшелерінің саны 14 адамнан тұратын 4 оралмандар отбасына қоныс аударуға 1,178 млн.теңге сомасында субсидия төленді, жылдық жоспар 8,939 млн. теңге және отбасы мүшелерінің саны 6 адамнан тұратын 1 оралмандар отбасына тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге 0,346 млн. теңге сомасында қаражат төленді, жылдық жоспар 5,772 млн. теңге. 
Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеу және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша (2017 жылдан ауысқан) оралмандар қатарындағы 6 отбасына 1,634 млн. теңге сомасында субсидия төленді.
Жұмыспен қамту орталығы шартсыз ақшалай көмек және шартты ақшалай көмек болып 2 түрге бөлінетін жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) енгізу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Ағымдағы жылдың 5 айында АӘК бағдарлама қатысушылары болып 2203 қатысушы (515 отбасы) енді, олардың ішінде 309 отбасы (1453 адам) шартсыз ақшалай көмек, 206 отбасы (761 адам) шартты ақшалай көмек алатындар. АӘК қамтылғандар саны 61,2 %, жылдық жоспар 3600 адам. 
2018 жылда республикалық бюджеттің қосымша ағымдағы трансферттерінен 35,1 млн. теңге және жергілікті бюджеттен 62,1 млн. теңге осы мақсатқа қарастырылған. Төленген жәрдемақы мөлшері – 39,2 млн. теңге немесе жылдық жоспарға 40,3% құрайды.
 
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ