Басы » жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал » Жаналықтар » Қалалық әлеуметтік әріптестік және еңбек пен әлеуметтік қарым-қатынастарды реттеу жөніндегі үшжақты комиссиясының кезекті отырысы өткізілді
Қалалық әлеуметтік әріптестік және еңбек пен әлеуметтік қарым-қатынастарды реттеу жөніндегі үшжақты комиссиясының кезекті отырысы өткізілді
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
12-06-2018 15:42
Қалалық әлеуметтік әріптестік және еңбек пен әлеуметтік қарым-қатынастарды реттеу жөніндегі үшжақты комиссиясының кезекті отырысы өткізілді
2018 жылдың 11 маусымында қала әкімінің орынбасары Н. В. Шарованың төрағалығымен қалалық әлеуметтік әріптестік және еңбек пен әлеуметтік қарым-қатынастарды реттеу жөніндегі үшжақты комиссиясының кезекті отырысы өтті. 
Күн тәртібіне сәйкес келесі мәселелер қаралды: қала кәсіпорындарында жалақы бойынша берешегін өтеу бойынша қабылданып отырған шаралар туралы; «Еңбек шартың жасаңыздар» республикалық акциясы шеңберінде жұмыс берушілер арасында еңбек қатынастарын заңдастыруды насихаттау бойынша түсіндіру - ақпараттық кампанияниясые өткізу барысы туралы, қалалық үш жақты комиссия құрамына кәсіподақтардан өкілдерді енгізу туралы. 
Бірінші мәселе бойынша қаланың еңбекақы бойынша берешектері бар Тасқора» ЖШС, «ПОСЖБ» ЖШС, «Семей ет комбинаты» ЖШС, «Тасымал көлігі» ЖШС, «Жаңа Семей шпал зауыты» АҚ кәсіпорындарының басшылары тыңдалды.
Екінші мәселе бойынша кәсіпкерлер палатасы Семей қалалық филиалының директоры А. Әділжанов хабарлама жасады.
Пікір алмасудан кейін нақты тапсырмалар берілді. 
 
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ