Қайырымдылық концерті өткізілді
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
13-06-2018 11:37
Қайырымдылық концерті өткізілді
2018 жылдың мамыр айының 12-жұлдызында Елбасы Н. Ә. Назарбаев жариялаған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына байланысты Ф. Назарованың басшылығымен Орталық мәдениет және демалыс саябағының әртістері және  Ә. Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияның әншісі Н. Тутунов «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының № 3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қайырымдылық концертін өткізді. Концертте қазақ және орыс тілдерінде Астана қаласына арналған әндер шырқалды. Зейнеткер Азметқали ата батасын берді.
Мекеме әкімшілігі атынан мәдени ұйымдастырушы Д. Имашева Орталық мәдениет және демалыс саябағының басшысына және Ә. Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияның директоры А. Азаматовқа алғысын айтты.
 
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ