Басы » жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал » Жаналықтар » «Астана - әсем қала» атты әдеби – көркем бағдарлама өткізілді
«Астана - әсем қала» атты әдеби – көркем бағдарлама өткізілді
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
09-07-2018 16:05
«Астана - әсем қала» атты әдеби – көркем бағдарлама өткізілді
2018 жылдың шілде айының 5-жұлдызында «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің күндізгі бөлімінде Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына байланысты «Астана - әсем қала» атты әдеби – көркем бағдарлама  өтті.
Әкімшілік атынан ШҚО Семей қаласының № 3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры орынбасарының  міндетін атқарушы Б. А. Энтебекова зейнеткерлерді Астана  күнімен құттықтап, сөз сөйледі. Аталған мекеменің мәдениұйымдастырушысы Д. Имашева Астана  қаласының  тарихи – мәдени  орындарымен  таныстырып,  «Жайнай бер, жас Астана» атты көрмені ұйымдастырды.
Орталықтың музыкалық жетекшісі А. Мурзалинов патриоттық әндерді шырқап, бөлімше меңгерушілері мен әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесшілердің орындауындағы  хор Астана қаласына  арналған  әндерді  шырқады. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман А. Аубакирова Астана  қаласы туралы бейнефильм  көрсетті. Күндізгі бөлімге келген  қызметкерлер Астана туралы өлеңдер  оқыды. № 3 Үйде арнайы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімнің қызмет алушысы Н. Иванова әсем қалаға арнап шығарған  өз өлеңдерін  оқыды. Зейнеткерлердің  көңіл –күйлері  көтеріңкі болды.  
 
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ