Жастар тәжірибесі
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
11-07-2018 16:11
Жастар тәжірибесі
Семей қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ, Жұмыспен қамту 2020 жол картасын және Аймақтарды  дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында жастар тәжірибесіне жолдама береді. 
Жастар практикасы оқуды аяқтағаннан кейін 3 жыл ішінде алған кәсібі (мамандығы) бойынша түлектер бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау үшін әдейі арналған.
Жастар практикасына қатысатын тұлғалар Халықты жұмыспен қамту орталығына келесі құжаттарды берумен өтініш береді:
1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса);
3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болуын растайтын құжаттың көшірмесі.
Жастар практикасына қатысушылардың жалақысын қаржыландыру алты айдан аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
 
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, 
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
 хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ