Басы » жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал » Жаналықтар » «Ерекше баламен» ашық шұғылдану жұмысы
«Ерекше баламен» ашық шұғылдану жұмысы
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
09-08-2018 15:53
«Ерекше баламен» ашық шұғылдану жұмысы
2018 жылдың  тамыз айының 2-ші жұлдызында Семей қаласы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің үйден  қызмет алушысы Далингер Владиславпен    «Арт терапияны мүмкіндігі шектеулі және мүгедек балалар жұмысында қолдану» тақырыбында  ашық шүғылдану жұмысы өтті. 
Негізі мақсаты – қызмет алушының ұсақ моторикасын дамыту, еңбек дағдыларын қалыптастыру және қызығушылығын арттыру.
Бұл әдісті мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасауда жиі қолданамыз.
Арт-терапияны қолдану  ішкі кернеуді жоюға, өзіне деген сенімділікті арттыруға, жаңа даму жолдарын ашуға мүмкіндік береді.
Сабақ кезінде Владислав құмның көмегімен аққала жасап, әр түрлі қалыптарды құмға толтырып, саусақтармен сурет салды.
Өздігінен сурет салу, құммен ойын, әр баланың ішкі күштерін ашуға , өзін-өзі бағалауды арттыруға, босаңсуға үйретеді, жағымсыз эмоциялар мен ойлардан құтылуға  мүмкіндік береді.
 
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, 
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ