Басы » жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал » Жаналықтар » Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау
Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
09-08-2018 15:56
Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар  және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ  «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау»  мемлекеттік қызметті көрсетеді. Қағидалар Семей қалалық мәслихаттың 2014 жылғы 31 наурыздағы № 28/150-V шешімімен бекітілген. 
Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі:
1.Жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар;
2.Кәмелетке толмағандардың бақылаусыз,сонымен қатар әумесерлік мінезді;
3.Туғанынан үш жасқа дейін балалардың ерте психикалық дамуының шектеулі мүмкүндігі бар;
4.Дене және ми мүмкүндіктерімен шартты организмнің функциясының табанды бұзылған;
5.Қоршаған ортаға қауіп төндіретін ауру және әлеуметтік маңызды ауруы бар;
6.Қарт жасына байланысты,басынан кешірген аурудың және мүгедектік салдарынан өзіне қызмет көрсетуге қабілетсіз;
7.Әлеуметтік бейімсізденуге және әлеуметтік депривацияға әкелген қатал қарауға түскен;
8.Баспанасыз;
9.Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған;
10.Қылмыстық-атқарушы инспекциясының пробация қызметінде есепте тұратын;
11.Апаттық зілзалалар немесе өрт салдарынан зиян алған мұқтаж;
12.Белгіленген шектен аспайтын өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы бар адамдар;
Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсету тәртібі: 
Өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға өтінішке қоса мынадай құжаттарды;
1.Жеке басын куәләндіратын құжат;
2.Тұрақты тұрғылықты жері бойынша  тіркелгенін растайтын құжат;
3. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы   
№ 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларынын 1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
4.Адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
5.Өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының бөлімдері арқылы жүзеге асады.          
 Толық мәлімет алу үшін  Қозыбағар көшесі, 40 А үйі, тел: 56-18-39,  56-19-12   211, 212, 216 бөлмеге келу керек.
 
 
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, 
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
 хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ