Басы » жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал » Жаналықтар » Отбасы күні мерекесіне арналған іс-шара өткізілді
Отбасы күні мерекесіне арналған іс-шара өткізілді
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
13-09-2018 11:54
Отбасы күні мерекесіне арналған іс-шара өткізілді
Отбасы әр адамның - Отаны. Біз жастайымыздан өзгелерге қамқор болуды, ата-ананы, үлкендерді сыйлауды, жақсы көруді отбасынан үйренеміз. Жерге отырғызған жас көшет те қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып, үлкейгенше мәпелеп күтуді, үзбей қарауды керек етеді. Сол сияқты баланы да, әсіресе мүмкіндігі шектеулі балаларды өзінің кішігірім мемлекетінде, яғни отбасында жан-жақты үйлесімді тәрбиелеу, денсаулығын сақтау, әлеуметтік ортаға араластыру қарастырылады. 
Осы бағытта 2018 жылы 11 қыркүйекте Семей қаласының «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету Орталығы» КММ-нің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен  №4 мектептің спорт залында өткізілген «Әкем, анам және мен» атты спорттық сайыс «Отбасы күні» мерекесіне арналған апталықты  қорытындылады.
Мақсаты: Отбасы мерекесінің маңызын қызмет алушылар арасында дәріптеу, отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым- қатынасты қалыптастыру, сыпайы, инабатты болуға тәрбиелеу.
Өткізілген іс-шара балалардың ата-аналарымен бірлескен көңілді әр түрлі сайыстармен жалғастырылды. Іс-шара соңында жеңіске жеткен үш топ арнайы сыйлықтармен марапатталды. Ата-аналармен қызмет алушылар сайысқа белсене атсалысты. Іс-шара соңында қызмет алушылар, ата-аналар әлеуметтік қызметкерлерге деген тілектерімен, сайыстан алған әсерлерімен бөлісті.
 
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ