Басы » жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал » Жаналықтар » Әлеуметтік әріптестік және еңбек пен әлеуметтік қарым-қатынастарды реттеу жөніндегі үшжақты комиссиясының кезекті отырысы өткізілді
Әлеуметтік әріптестік және еңбек пен әлеуметтік қарым-қатынастарды реттеу жөніндегі үшжақты комиссиясының кезекті отырысы өткізілді
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
13-09-2018 15:01
Әлеуметтік әріптестік және еңбек пен әлеуметтік қарым-қатынастарды реттеу жөніндегі үшжақты комиссиясының кезекті отырысы өткізілді
2018 жылдың 12 қыркүйегінде қала әкімінің орынбасары Н. В. Шарованың төрағалығымен қалалық әлеуметтік әріптестік және еңбек пен әлеуметтік қарым-қатынастарды реттеу жөніндегі үшжақты комиссиясының кезекті отырысы өтті. Аталған отырысқа Семей қаласы прокуратурасының прокуроры қатысты. 
Күн тәртібіне сәйкес, қала кәсіпорындарында жалақы бойынша, міндетті зейнетақы төлемі және әлеуметтік төлемдері берешегін өтеу жөнінде «Тасқора» ЖШС, «ПОСЖБ» ЖШС, «Семей ет комбинаты» ЖШС, «Тасымал көлігі» ЖШС, «Жаңа Семей шпал зауыты» АҚ және «Семей қаласының инфекциялық емханасы»  ҚМКК қабылданып отырған шаралар  туралы мәселелер қаралды. 
Семей қаласы бойынша еңбек заңнамасын бақылау бөлімінің басшысы Т. Түсіпбаевтың және Семей қаласы бойынша кірістер басқармасы басшысының орынбасары А. Н. Сағатбековтың ақпараттары тыңдалды.
Сонымен қоса, жоғарыда аталған кәсіпорынлдар мен мекемелердің басшылары баяндама жасады.
Пікір алмасудан кейін нақты тапсырмалар берілді. 
 
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ