Күндізгі бөлімшеде өткен семинар
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
09-10-2018 09:56
Күндізгі бөлімшеде өткен семинар
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің күндізгі бөлімшесінде жоспар бойынша мамандар мен тәрбиешілер іс-тәжірибе алмасу мақсатында семинарлар мен педагогикалық оқулар өткізіліп отырады. 
2018 жылы 3 қазанда  орталықтың күндізгі бөлімшесінде педагогикалық оқу өткізілді «Мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық іс-әрекеттерін арттырудағы сюжеттік-рөлдік ойындарды өткізудің теориялық негіздері». Семинарда теориялық материалмен қатар практикалық тәжірибе жүзінде  көрнекі құралдармен жұмыс тәсілдері  көрсетілді. Мамандар рөлдік ойындар түрлеріне арналған түрлі-түсті презентация дайындады. Семинарға күндізгі бөлімшенін дефектологтар мен тәрбиешілер қатысты.
Іс-шара соңында қатысушылар пікірталас өткізді, олардың әрқайсысы өзінің ойын білдірді. Семинар өте қызықты өтті.
 
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, 
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ