V «Екі жұлдыз» шығармашылық байқауы
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
11-10-2018 14:49
V «Екі жұлдыз» шығармашылық байқауы
2018 жылы 10 қазанда Семей қаласының Мәдениет сарайында мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өнерге деген құштарлықтарын артты¬ру, қоғамға кіріктендіру тәжірибесін тарату мақсатында ұйымдастырылған V «Екі жұлдыз» шығармашылық байқауы өткізілді.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету Орталығының бастамасымен Семей қаласының әкімдік тарапынан қолдау тауып, Мәдениет сарайының қызметкерлерімен бірлесе облыстық деңгейде өткізілген байқауға биылғы жылы облыстың 7 ауданынан  (Зайсан, Аягөз, Абай, Көкпекті, Жарма, Ұржар, Тарбағатай), қаланың қоғамдық бірлестіктері, сонымен қоса Семей қаласының «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы»  КММ-нен барлығы - 22  талапкерлер қатысуға өтініш білдірді. 
Байқаудың алғашқы кезеңі әр мекеменің өзінде өткізіліп, екінші іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 9 жұп арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталып, 13-жұп бүгінгі  Гала-концертке жолдама алған болатын.
Мерекеге келген өнерпаздар  мен қонақтарды көңілді кейіпкерлер қарсы алды,  «Қолөнер» үйірмесіне қатысушы мүмкіндігі шек¬теулі жеткіншектердің қолдан жасаған бұйымдарынан көрме ұйымдастырылып, шығармашылық жұмыстары көпшілік на¬за¬ры¬на  ұсынылды.
Мүмкіндігі шектеулі жандар өнер әлеміне деген құлшыныстарын тамаша әнмен жеткізіп, көрер¬мендердің ыстық ықыласына бөленді.
Іс-шара соңында жас ерекшеліктеріне қарай әр санат бойынша жеңімпаз жұптар анықталды.  Семей қаласынан Даулетқызы Аяжан, Айтказин Дарын, Зайсан ауданынан Касейнов Дархан   бас жүлдені иеленді. Шар, Көкпекті, Зайсаннан келген қатысушылар 1- орынды жеңіп алса, 2-орынды  Аягоз, Жарма аудандары өзара бөлісті. Семей, Ұржар, Көкпектіден қатысқан өнерпаздар 3- орынға ие болды. Шара соңында жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен диплом табысталып, мерекелік дастархан ұйымдастырылды.
 
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, 
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ