Қайырымдылық іс шарасы
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
19-10-2018 16:20
Қайырымдылық іс шарасы
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ 400 –ден астам мүмкіндігі шектеулі жандарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді, олардың ішінде 70-ке жуығы аз қамтылған отбасыларында тәрбиеленеді. 
Табысы  төмен, оның ішінде көпбалалы жанұялардың материалдық жағдайын жақсарту мақсатында әлеуметтік қызметкерлер, демеушілер және еріктілер мұқтаж жандарға қол ұшын беруге дайын азаматтармен жұмыс жүргізеді. 
Семей қаласының «Лига Добра» атты еріктілер орталығының бірлескен жұмысының нәтижесінде аз қамтылған отбасыларға іс жүзінде көмек көрсету мақсатында қайырымдылық шарасы өткізілді. Еріктілер - КазГИЮУ студенттері Бекшетаев Баглан мен Максутов Ельдар қызмет алушылар Р. Абильмажинов пен А. Рысхұлының отбасыларына көмір мен отын түсіруге көмек көрсетті. 
Жоғарыда аталған отбасындағы аналар балаларын жалғыз тәрбиелеп отырғандықтан, көрсетілген көмекке қуанып, еріктілер мен Орталықтың басшылығына үлкен ризашылықтарын білдірді.
 
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ