Басы » жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал » Жаналықтар » «Сіз балаңызды түсіне білесіз бе?» атты ата-аналармен психологиялық тренинг өткізілді
«Сіз балаңызды түсіне білесіз бе?» атты ата-аналармен психологиялық тренинг өткізілді
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
05-11-2018 11:35
«Сіз балаңызды түсіне білесіз бе?» атты ата-аналармен психологиялық тренинг өткізілді
«ШҚО Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің әлеуметтік қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Сіз балаңызды түсіне білесіз бе?» атты ата-аналармен психологиялық тренинг өтті.
Мақсаты: Ата-аналар арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін еркін сезінуге көмектесу. Психологиялық тренинг дөңгелек үстел басында балаларын жақсы түсіне білуге және пікір алмасуға бағытталды. Тренингтің әр бөлімі қызықты ұйымдастырылып, аса қызығушылықпен өтті. Алғашқы бөлімінде  «Өзіңді теңей біл» доппен ойын жүргізіліп, ата-аналар өздерін табиғаттың бір бөлшегіне теңесе, «Сиқырлы қоржын» бөлімінде  өз балаларына қатысты әр түрлі қызықты сұрақтарға жауап берді. «Теңізге саяхат» релаксациясы бөлімінде қойылған әуен арқылы терең дем алып, теңіз жағасында болып қайтқандай әсер алса,  «Майшам» бөлімінде жағылған отты ұстай отырып шырағың сөнбесін, отбасыңыз оттай ыстық, әрі берік болсын деген тілектерін білдірді. Тренингтің соңында ата-аналар өз пікірлерімен бөлісіп, тәжірибелерімен алмасып, әлеуметтік қызметкерлерге ризашылықтарын білдірді.
 
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ