Басы » жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал » Жаналықтар » Қалалық әлеуметтік әріптестік және еңбек пен әлеуметтік қарым-қатынастарды реттеу жөніндегі үшжақты комиссиясының отырысы
Қалалық әлеуметтік әріптестік және еңбек пен әлеуметтік қарым-қатынастарды реттеу жөніндегі үшжақты комиссиясының отырысы
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
06-11-2018 17:09
Қалалық әлеуметтік әріптестік және еңбек пен әлеуметтік қарым-қатынастарды реттеу жөніндегі үшжақты комиссиясының отырысы
2018 жылы 20 ақпанда еңбек қақтығыстарының алдын алу мақсатында «Қазэлектромонтаж – С» АҚ Әлеуметтік әріптестік және еңбек пен әлеуметтік қарым-қатынастарды реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның көшпелі отырысы ұйымдастырылды.
Отырыс әнгіме түрінде өтті, отырысқа қала әкімінің орынбасары Н. В. Шарова, Бөлімнің және Халықты жұмыспен қамту орталығының, Семей қаласы бойынша еңбек заңнамасын бақылау бөлімінің, Семей өңірі салалық кәсіподақтары үйлестіру кеңесінің өкілдері, «Қазэлектромонтаж – С» АҚ басшылары және аталған кәсіпорынның жұмыс ұжымының атынан өкіл қатысты.
Әңгіме барысында еңбекақы бойынша берешектердің пайда болу себептері қарастырылды, екі жақтың, кәсіпорынның басшылары және жұмыс ұжымы өкілінің пікірлері тыңдалды.
Семей қаласы бойынша еңбек заңнамасын бақылау бөлімінің және Семей өңірі салалық кәсіподақтары үйлестіру кеңесінің өкілдерімен қалада әлеуметтік-еңбек шиеленістерін болдырмау үшін жұмыс берушілердің өз жұмысшыларына уақытында еңбекақы төлеудің және әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарналарын толық деңгейде төлеудің маңыздылығы туралы атап өтілді.
Кездесу қорытындысы бойынша кәсіпорынға мәселені кредитор жиналысында қарап және қарастырылған шаралар туралы ақпараттандыру ұсынылды.
 
Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі