Әлеуметтік белсенділік
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
07-11-2018 10:49
Әлеуметтік белсенділік
«ШҚО Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің әлеуметтік қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Әлеуметтік белсенділік» тақырыбында семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: әлеуметтік белсенділіктің негіздерін қалыптастыру, қызмет алушылардың бір-бірімен қарым-қатынасын нығайту. Семинар барысында белсенділікті қалыптастырудың бірнеше бағыттары ұсынылып, қазіргі қоғамымызда адамдардың әлеуметтік даму жолында жан-жақты жетілуіне барлық жағдай жасалғаны аталып өтілді. Әлеуметтік белсенділік өз бетінше пайда болмайтыны, өзіндік қызығушылық пен әлеуметтік бағдардың негізінде жүзеге асатыны слайд арқылы көрсетіліп, сұрақтар арқылы бекітілді. Семинарға қатысушылар  өздеріне қажет көптеген мағлұматтар алды.
  
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ