Басы » жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал » Жаналықтар » "Ұр тоқпақ", "Снежная королева" ертегілеріне қойылым өткізілді
"Ұр тоқпақ", "Снежная королева" ертегілеріне қойылым өткізілді
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
26-12-2018 11:51
"ШҚО Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы "КММ-нің  қызмет алушыларына арналған жылдағы дәстүр бойынша "Абай" театры ұжымының демеушілік көмегімен Жаңа жыл қарсаңында "Ұр тоқпақ", "Снежная королева" ертегілерінен қойылым қойылып, Жаңа жылдық шырша ұйымдастырылды. Бұл мерекеге 188 қызмет алушылар мен 173 ата-аналар келді. Жаңа жылдық шыршаға балаларға қуаныш сыйлайтын Аяз ата мен Ақшақар, асыға  күткен ертегі кейіпкерлері мен аңдар келіп жетті. Ақшақармен бірге шыршаны айналып әндер айтылып, билер де биленді және балалар Аяз атаға кезек-кезек тақпақтарын да айтып берді. Аяз ата балаларына мерекелік костюмдер дайындаған ата-аналарға ерекше алғыс білдіріп, оларды жеке ортаға шығарып, шыршаны айналдырып жүргізді. Соңында балаларға демеушілік көмек арқылы дайындаған дорба толы сыйлықтар таратылды.
 
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, 
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ