Басы » жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал » Жаналықтар » Мүмкіндігі шектеулі балаларды өнерге баулу
Мүмкіндігі шектеулі балаларды өнерге баулу
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
11-02-2019 16:24
 Мүмкіндігі шектеулі балаларды өнерге баулу
Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамнан тыс қалмауына  мемлекет тарапынан көп көңіл бөлінеді. Ең бастысы Елбасы өз жолдауында мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс екенін атап өткен болатын. 
Келдібекова Аяжан екі жасынан бастап «ШҚО Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де қызмет алып келеді. Аяжан осы Орталықтан қызмет ала бастағаннан әлеуметтік қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің арқасында заттың түр-түсін ажыратуға, санауға, оқи алатын дәрежеге жетіп, қазіргі таңда үйден жалпы мектеп бағдарламасымен 2 сыныпта оқиды. Әлеуметтік қызметкердің көмегімен Орталықтағы би үйірмесіне қатысып, арнайы аса қамқорлықты қажет ететін балаларға арнап ұйымдастырылған «Екі жұлдыз» шығармашылық байқауында алғаш рет сахна төрінде Аяжан мүгедектік арбада отырып би билеп, өз өнерін көрсетті. 
Осындай  мүмкіндігі шектеулі жандарды назардан қалдырмай,  оларды қоғамға бейімделуіне ат салысу- әлеуметтік қызметкердің еңбегінің жемісі. 
 
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, 
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
 хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ