«Абу-Даби 2019»
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
05-03-2019 12:39
«Абу-Даби 2019»
Ағымдағы жылдың  ақпан айының  28 жұлдызында  «Шығыс-Қазақстан облысы Семей қаласының  арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Орталықтың 4 жеңіл атлетшілерін  БАӘ «Абу-Даби 2019» Арнайы Жазғы Олимпиадаға  салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Орталық ұжымы, ата – аналар қолдарына плакаттар мен шарлар ұстап, спортшыларымызға сәтті сапар, жеңіспен оралуын тіледі. Бапкерлер соңғы  нұсқауларын беріп, психологиялық  жағдайларын позитивті жаққа аударуға тырысты. 
Жалпы Орталықта мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған  күнделікті жеңіл атлетика, шағын футбол, боулинг,  үстел теннисі, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ-сынды спорттық секциялар өткізілуде.   Аталған секциялардың негізгі мақсаты спорт арқылы мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамға  бейімдеу мен әлеуметтендіру, жалпы және ұсақ моторикасын мен қозғалыс координациясын, күш-қуаты  мен топтық рухын дамыту. 
Біздін спортшылар - «Special Olympics» қозғалысынын белсенді қатысушылары,  олар қалалық, облыстық, республикалық спорттық жарыстардың жеңімпаздары болып табылады. 
 
 
 
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту,
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ