Басы » жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал » Жаналықтар » Қалалық әлеуметтік әріптестік және еңбек пен әлеуметтік қарым-қатынастарды реттеу жөніндегі үшжақты комиссиясының отырысы туралы
Қалалық әлеуметтік әріптестік және еңбек пен әлеуметтік қарым-қатынастарды реттеу жөніндегі үшжақты комиссиясының отырысы туралы
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
14-03-2019 15:31
Қалалық әлеуметтік әріптестік және еңбек пен әлеуметтік қарым-қатынастарды реттеу жөніндегі үшжақты комиссиясының отырысы туралы
2019 жылдың 14 наурызында  қала әкімінің орынбасары Н.В. Шарованың төрағалығымен қалалық әлеуметтік әріптестік және еңбек пен әлеуметтік қарым-қатынастарды реттеу жөніндегі үшжақты комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібіне сәйкес қала кәсіпорындарында еңбекақы бойынша берешектерді жою, әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның жаңа құрамын және 2019 жылға арналған комиссия отырыстарының жоспарын бекіту,  әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның 2018 жылғы жұмысы туралы мәселелер қаралды.
Еңбекақы бойынша берешектері бар қала кәсіпорындары басшыларының  және Семей қаласының еңбек заңнамасын бақылау бөлімі басшысының ақпараттар тыңдалды. Пікір алмасудан кейін берешекті уақытында жою үшін нақтылы тапсырмалар берілді.
 
 
 
 
 
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, 
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ