Шектелмеген мүмкіндіктер
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
01-04-2019 10:12
Шектелмеген мүмкіндіктер
Шектелмеген мүмкіндіктер
 
 
Ағымдағы жылдың  наурыз  айының  8 мен 22 аралығында Біріккен Араб Әмірлігінің Абу-Даби қаласында «Special Olympics» қозғалысы аясында Арнайы Жазғы Олимпиада  өтті.  Қазақстан Республикасының намысын спорттың 15 түрінен,   11 облыстан  жинақталған 67 спортшылар қорғады.  Шығыс Қазақстан облысынан   «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының  арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің жеңіл атлетикадан 4 қызмет алушысы қатысты.  
Жарыстың нәтижесі бойынша  100 м қашықтыққа жүгіру бойынша   Сейсенова Гүлнұр  еліміздің еншісіне алғашқы қола жүлдені байлады.  Тусупов Дамир ұзындыққа секіруден  қола жүлдеге ие болып, мемлекетімізге тағы бір жеңіс әкелді.   Тетцких Александр  «Unified»  бағдарламасының аясында жарысқа қатысты. Орталығымыз мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамға кіріктіру мен әлеуметтенуіне бағытталған   маңызды қадамдар жасауда. 
 
 
 
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, 
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ