Қуанышты күн
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
11-04-2019 12:28
Қуанышты күн
Туған күн – бұл біздің әрқайсымыздың асыға күтетін қуанышты сәтіміз. Бұл жақсы тілектер мен керемет сыйлықтардың, үлкен естеліктердің мерекесі. «ШҚО Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің әлеуметтік қызметкерлері үшін қызмет алушылардың туған күндерін тоқсан сайын өткізу дәстүрге айналған. Міне, бүгін сол қуанышты сәтте келіп жетті. Өйткені,1-ші тоқсан айларында туылған қызмет алушылардың туған күндері «Аян» кафесінде, кафе ұжымының демеушілігімен өткізіліп отыр. Мерекені ұйымдастырудағы басты мақсатымызүйден қызмет алушыларды ортаға бейімдеу, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, дамыту, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау. Туған күн иелерімен, олардың ата-аналарына арнап мол дастархан жайылды. Сонымен қатар  орталық саябақтың әншілері әуенді әндерімен  мерекені  жандандыра түсті. Мереке соңында ата-аналар өз тілектерін, шексіз  алғыстарын білдіріп, жақсы көңіл-күйде тарқасты.  
 
 
 
 
 
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, 
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ