Ойын арқылы дамимыз
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
15-04-2019 17:42
Ойын арқылы дамимыз
Ойын –адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Мүмкіндігі шектеулі балалардың  мінез- құлқындағы өзгерістерді қалыптастыру мен дамытудың  құралы . Сондықтан мүмкіндігі шектеулі  балаларды ойын арқылы әлеуметтік ортаға  бейімдеу,  танымдық қабілетін дамыту  оңалтудың басты мақсаты болып табылады.Осы мақсатта  «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-сі «Battle» ойын –сауық орталығымен келісіп, балаларға аптасына бір рет тегін ойнауға мүмкіндік жасалып отыр.Бұл ойын-сауық орталығына 2016 жылдан бастап 2-10 жас аралығындағы қызмет алушы балалар келіп ойнайды. «Лабиринт», «Қызықты сырғанақтар» ойындары  баланың дене қимылына, жүруіне, секіруіне, өрмелеуіне жақсы әсерін тигізсе, ал текшелерді жинау баланың  ойын дамытуға зор ықпалы етеді. Ойын барысында  балалар бір-бірімен қарым-қатынасқа түсіп, өзара танысады, сөйлеседі, ортаға бейімделеді. Бір уақыт көңілдерін сергітеді. Бала үшін бәрі қызықты.
       
 
 
 
 
 
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, 
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ