Қазақстан халқының бірлігі күні
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
30-04-2019 11:25
Қазақстан халқының бірлігі күні
24.04.2019 ж. күні Семей медициналық университетінің акт залында «ШҚО Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ- нің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қазақстан  халқының бірлігі күніне арналған концерт өтті. Барша қазақстандықтар үшін бұл ерекше мереке, себебі біздің елде бір шаңырақ астында 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Концерт орталық директорының орынбасары Ж.Ж.Шакимбекованың құттықтау сөзімен басталып, концерттік бағдарламамен жалғасты. Концертте орталық қызметкерлері, қызмет алушы тәрбиеленушілер және шақырылған қонақтар: «Айналайын» вокалдық студиясы, «Мәдениет» агенттігі, «Айнур» асаба орталығы, «Жорға» би студиясының  шырқалған әндері мен билері ерекше көңіл көңіл күй сыйлап, көрермен қошеметіне ие болды. Қызмет алушылар, ата-аналар көтеріңкі  көңіл күйде болып, орындалған әр ұлт өкілдерінің ән-билері Қазақстан халқының ынтымақты, бірлікте, ұйымшыл екенін айқындай түскендей болды. Әр ұлт өкілдері Қазақстанда  тату- тәтті тұрып жатқандарын мақтан етеді.
 
 
 
 
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, 
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ