Басы » жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал » Жаналықтар » Ата-аналармен психологиялық тренинг өткізілді
Ата-аналармен психологиялық тренинг өткізілді
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
04-05-2019 12:39
Ата-аналармен психологиялық тренинг өткізілді
2019 жылдың мамыр айында  «ШҚО Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің күндізгі бөлімшесінде  қызмет алушы балалардың ата-аналарымен кездесу өтті. Кездесу «Отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ» деген психологтың ата-аналарға арналған  дәріс оқуынан басталды. Мұнда қазіргі кездегі отбасындағы зорлық зомбылыққа жол бермеудің маңыздылығы және ата-ана құқығы туралы баяндалды.Дәріс арнайы даярланған слайд арқылы  көрсетілді. «Сіз қандай ата-анасыз?» деген сауалнама таратылып, әрбір ата-ана өздеріне сипаттама алды. Кездесу «Менің отбасым» атты психологиялық тренингпен жалғасты. Тренинг саяхаттау түрінде өткізілді.       Топтарға бөлінген ата-аналар өз тобының кемесін жасап «Отбасы» аралына саяхатқа шықты. «Отбасы» аралына жету үшін бірнеше аралдың тапсырмаларын орындады. Барлық топ белсене қатысып, отбасындағы береке-бірлікті сақтаудың жолдары туралы  ойларымен бөлісті. Отбасындағы тәрбие «ерекше» баланың дамуына, қоғамда жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер етері сөзсіз. 
 
 
 
 
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, 
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ