Басы » жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал » Жаналықтар » Ерлеріміздің ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес!
Ерлеріміздің ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес!
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
06-05-2019 16:38
Ерлеріміздің ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес!
3.05.2019ж. күні Халықтар достығы үйінің акт залында «ШҚО Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ- нің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 7 мамыр Отан қорғаушылар және 9 мамыр - Жеңіс  күніне арналған мерекелік концерт өтті. 
Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің сарбаздарына қандай құрмет көрсетсек те лайықты. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысының жеңісіне 74 жыл толған мерекелік бағдарламада шырқалған патриоттық әндер, қатарлары сиреп бара жатқан соғыс  және тыл ардагерлеріне арналды. 
Орталықтың  қызмет алушы тәрбиеленушілері және шақырылған қонақтар дарынды балаларға арналған Шоқан Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының тәрбиеленушілері, Семей қаласының гарнизондық «Офицерлер Үйі» ұжымы  орындаған  әндері мен билері  көрермендер көңілінен шығып, көздеріне жас алғандар да болды. Бұл әрине арқа сүйер Айбынды әскерлеріміз бен бізге бейбіт өмір сыйлаған, Ұлы жеңіске қол жеткізген ардагер ата-ағаларымызға арналған құрмет, қуаныш жасы еді. Ерлеріміздің ерлігі ешқашан ұмытылмақ емес!
 
 
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, 
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ