Басы » жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал » Жаналықтар » «Қазақстанның қасиетті жерлері - біздің ұлттық мақтанышымыз» атты іс-шара өткізілді
«Қазақстанның қасиетті жерлері - біздің ұлттық мақтанышымыз» атты іс-шара өткізілді
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
28-05-2019 12:45
«Қазақстанның қасиетті  жерлері - біздің ұлттық мақтанышымыз» атты іс-шара өткізілді
«ШҚО Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-сі 350-ден астам қызмет алушыларға, оның ішінде Жаңасемей ауылдық округінде тұратын мүгедек жандарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Шүлбі кентінде 5 адам әлеуметтік қызметтер алады.
2019 жылдың 17 мамырында ауылдың кітапханасында «Рухани жаңғыру» және «Рухани қазына» бағдарламалары аясында «Казақстанның қасиетті жерлері - біздің ұлттық мақтанышымыз» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараны орталықтың әлеуметтік қызметкері - Нурпеисова С.Т «Семей қаласының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» КММ-нің қызметкерлерімен  бірлесіп ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты - қызмет алушылардың  Қазақстан Республикасының қасиетті жерлері туралы білімдерін  қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстанның өткен тарихына қызығушылықтарын арттыру.
Іс-шара басында кітапхана қызметкері қатысушыларды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.А. Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы модернизациялау» тақырыбында «Қазақстан жерлерінің географиясы» жобасы туралы әңгімелеп берді. Содан кейін ол Қазақстанның мыңжылдық тарихы, қасиетті орындары, трактаттары мен көне елді мекендері, ерекше табиғат құбылыстарының, ата-баба қорымдары, қорғандар мен жерлеу орындарының, діни ғибадат объектілерінің, естелік шайқастар мен ерліктердің, кесенелердің, ғибадатханалар мен табиғи мәдени және тарихи мұраның өзге де ескерткіштері туралы әңгімеледі. Іс-шара барысында «Қазақстанның 100 қасиетті жері» деген тақырыпта бейнебаян көрсетілді.
Іс-шараға қатысқан  қызмет алушылар мен ата-аналар өздеріне пайдалы ақпарат алды.
 
 
 
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, 
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ