Басы » жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал » Жаналықтар » Дойбы «100» бойынша облыстық чемпионат
Дойбы «100» бойынша облыстық чемпионат
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
30-05-2019 15:17
Дойбы «100» бойынша  облыстық чемпионат
2019 жылдың 22 - 23 мамыр күндері  «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің қызмет алушылары Семей қаласында Жастар жылының аясында  көру, есту мүшелері және  тірек - қимыл  аппараты зақымданған спортшылар арасында өткізілген Дойбы «100» бойынша облыстық  чемпионатына қатысты. 
Жарысқа Өскемен қаласы, Ұлан ауданы  және, « №3 көзі нашар көретін мектеп интернаты», «Шамшырақ» зағип және нашар көретін азаматтар клубының спортшылары да  қатысты.
Чемпионатты «Шамшырақ» зағип және нашар көретін азаматтар клубының жетекшісі Марат Әлиасқаров ашып, жылы лебізін білдіріп, ойыншыларға сәттілік тіледі. Жарыс 3 турдан тұрды, ерлер мен әйелдер арасында жеке өтті. Жарысқа  жалпы 25 ойыншы қатысты.  Чемпионат нәтижесі бойынша «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің қызмет алушылары Середа Н. – І орын, Батырханов А. - ІІ орынға, Әлімбеков Ж - III жүлделі орындарға ие болды.
Барлық спортшылар жақсы ойын көрсетіп, мақтау қағаздарымен марапатталды. 
 
 
 
 
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, 
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ