Басы » жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал » Жаналықтар » Өскемен қаласының О. Рыпакова атындағы жеңіл атлетикалық орталықта Special Olympics қозғалысының аясында жеңіл атлетикадан мүмкіндігі шектеулі жандар арасында республикалық турнир өткізілді
Өскемен қаласының О. Рыпакова атындағы жеңіл атлетикалық орталықта Special Olympics қозғалысының аясында жеңіл атлетикадан мүмкіндігі шектеулі жандар арасында республикалық турнир өткізілді
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
10-06-2019 11:58
Өскемен қаласының   О. Рыпакова  атындағы жеңіл атлетикалық орталықта Special Olympics қозғалысының аясында жеңіл атлетикадан мүмкіндігі шектеулі жандар арасында  республикалық турнир өткізілді
31.05.2019 - 1.06.2019   күндері  Өскемен қаласының   О. Рыпакова  атындағы жеңіл атлетикалық орталықта Special Olympics қозғалысының аясында жеңіл атлетикадан мүмкіндігі шектеулі жандар арасында  республикалық турнир өткізілді.   Жарысқа республикамыздың 6 өңірінен командалар сынға түсті, атап айтсақ:  Риддер, Акмола, Астана, ШҚО (Семей, Өскемен), Атырау, Костанай. 
Шығыс Қазақстан облысының командасының құрамында «Шығыс-Қазақстан облысы Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-ң 12 қызмет алушы қатысты.   6 қызмет алушы аталған жарысқа  алғаш рет қатыстырылып, оның үшеуінің ата-аналары бірге еріп барды.  
Жарыс нәтижесі бойынша  12 атлетшінің 11 жүлделі орындырға ие болды: ұзындыққа секіру – 2 алтын,  4 күміс және 4 қола медаль, 50 метр қашықтыққа жүгіру – 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль, 60 метр қашықтыққа жүгіру-1 алтын және 2 күміс  медальға ие болды.  1 қызмет алушы 50 метр қашықтыққа жүгіру және  ұзындыққа секіруден 4 орынды иеленді.  
4*100 метр қашықтыққа  эстафетадан спортшыларымыз 3 орынды иеленіп, кубокпен марапатталды. 
Спортшыларымыздың жетістіктері -  Орталығымыздың қызметкерлері, қызмет алушылары мен ата-аналардың  біріккен жұмысының нәтижесі. 
 
 
 
 
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, 
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ