Жұмыспен қамту
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
21-06-2019 10:56
Жұмыспен қамту
Қазақстан Республикасы Үкіметімен халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту үшін «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай  кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды, бұл бағдарлама аясындақала халқының жұмыспен қамтылуына жәрдемдесудің белсенді шаралары іске асырылады: жұмысқа орналастыру; уақытша ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту;  кәсіптік оқытуға жолдау; жастар тәжірибесі және әлеуметтік жұмыс орындарымен қамту,кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу.
2019  жылғы 21 маусымдағы жағдай  бойынша  3161  адам жұмысқа орналасуға жәрдемдесу мәселесімен өтініш жасады. 1356 адамға жұмысқа орналастыру жөніндегі шаралар көрсетілді,оның ішінде нысаналы топқа кіретін 250 жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа жіберілді. «Жастар тәжірибесі» кіші бағдарламасынабілім беру мекемелерінің 172 түлегі қатысты, ақылы қоғамдық жұмыстарға469жұмыссыз жіберілді.
Кәсіби оқытудың қысқа мерзімді курстарына 513 адам жолданды. 
Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерліктің негіздерін оқыту курстарына  58 адам жіберілді, олардан 45 адам оқуды аяқтап сертификат алды.
Екінші деңгейлі банктер арқылы 8 адамға қолданыстағы бизнесті кеңейтуге 89,7 млн.теңге сомасында шағын несиелер берілді.  
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды 2,020 млн. теңге сомасында 8 адам алды.
Тіркелген еңбек нарығындағы жұмыссыздар саны 2418 адамды құрады. 
 
 
 
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, 
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
 хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ