Табиғат аясында демалыс
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
28-06-2019 15:35
Табиғат аясында демалыс
«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің әлеуметтік қызметкерлердің ұйымдастыруымен қызмет алушылар мен ата-аналар табиғат аясына саяхатқа шықты. Олардың арасында «Көңілді старт» атты спорттық эстафеталық ойындар өткізілді. Жарысқа әр бөлімшеден құрамында бес адамнан, 3 топ қатысты.
Олар «Су тасу», «Кім жылдам?», «Мысық пен тышқан», «Паровоз» ойын түрлерінің шарттарымен танысып, өзара сайысқа түсті. Әр топ намысын қолдан бермеу үшін, белсене қатысты. Соңында ата-аналар тарапынан сайланған әділ-қазылар алқасы ойындардың әділ бағасын берді. Жарыс көңілді де қызықты өтті. Қызмет алушы балалар және ата-аналар табиғат аясында жақсы демалып, көтеріңкі көңіл- күймен тарқасты.
 
 
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, 
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
 хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ