Басы » жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал » Жаналықтар » Қалалық әлеуметтік әріптестік және еңбек пен әлеуметтік қарым-қатынастарды реттеу жөніндегі үшжақты комиссиясының отырысы
Қалалық әлеуметтік әріптестік және еңбек пен әлеуметтік қарым-қатынастарды реттеу жөніндегі үшжақты комиссиясының отырысы
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
28-06-2019 15:43
Қалалық әлеуметтік әріптестік және еңбек пен  әлеуметтік қарым-қатынастарды реттеу жөніндегі  үшжақты комиссиясының отырысы
2019 жылғы 27 маусымда  қала әкімінің орынбасар А. С. Садырбаевтың  төрағалығымен қалалық әлеуметтік әріптестік және еңбек пен әлеуметтік қарым-қатынастарды реттеу жөніндегі үшжақты комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібіне сәйкес қала кәсіпорындарында еңбекақы бойынша берешектерді жою, әлеуметтік-еңбек дауларының алдын алу және шешу бойынша әлеуметтік әріптестіктің жағдайы туралы, сондай-ақ ұжымдық және еңбек шарттарына, жұмыс берушілердің актілеріне қызметкерлердің жалақысы төмен санаттағы еңбекақысын көтеру бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы мәселелер қарастырылды.
Семей өңірі салалық кәсіподақтары үйлестіру кеңесінің төрағасы С.Ибраевтың, Семей қаласының еңбек заңнамасын бақылау бөлімініңбасшысы Т. Түсіпбаевтың жәнееңбекақы бойынша берешектері барқала кәсіпорындары басшыларыныңақпараттары тыңдалды.
Пікір алмасудан кейін берешекті уақытында жою және ұжымдық келісімшартқа өзгерістер енгізу үшін нақтылы тапсырмалар берілді.
 
 
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, 
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
 хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ