Басы » жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал » Жаналықтар » Тұрғын үй- коммуналдық қызметтерін төлеу
Тұрғын үй- коммуналдық қызметтерін төлеу
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
25-07-2019 17:07
Тұрғын үй- коммуналдық қызметтерін төлеу
Егер, Сізде тұрғын үй коммуналдық қызметтерін төлеуге байланысты қиындықтар пайда болса (су-, жылу-, газбен қамтамасыз ету, су тарту, электр қуаты, тұрмыстық қалдықтарды шығару, қатты отын және т.б.) Сізге, кірістері төмен отбасыларға арналған осы қызметтерді төлеуге кепіл болатын  ТҰРҒЫН ҮЙ КӨМЕГІ Мемлекеттік бағдарламасы көмек береді.
«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» (ХҚО) коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады. 
ХҚО мекенжайлары және телефондары: №1 , 408 – квартал, 21-үй, тел. 33-55-93, №2, Бауыржан Момышұлы 22, Найманбаев 161 көшесінің қиылысы, тел. 52-69-83 №3 Уранхаев көшесі, 57-үй тел. 60-01-02
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін келесі құжаттар қажет: 
1. өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат;
2. отбасының табысын растайтын құжаттар (өткен тоқсан үшін);
3. жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтерді қоспағанда);
4. балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;
5. банктік шоты;
6. тұрғын үйді ұстауға  ай сайынғы төлем мөлшері  туралы шоттар; өткен тоқсан үшін коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар (жылукоммунэнерго, қалалық суканалы, арнайы автобаза, Шығысэнерго, домофон, телефон, лифт, КСК анықтамасы). 
 
Анықтама телефондары. 56-16-00. 
 
 
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, 
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ