Жұмыспен қамту
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
07-08-2019 16:52
Жұмыспен қамту
Қазақстан Республикасы Үкіметімен халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту үшін «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай  кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды, бұл бағдарлама аясындақала халқының жұмыспен қамтылуына жәрдемдесудің белсенді шаралары іске асырылады: жұмысқа орналастыру; уақытша ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту;  кәсіптік оқытуға жолдау; жастар тәжірибесі және әлеуметтік жұмыс орындарымен қамту,кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу.
2019  жылғы 7 тамызындағы жағдай  бойынша  3886  адам жұмысқа орналасуға жәрдемдесу мәселесімен өтініш жасады. 1949 адамға жұмысқа орналастыру жөніндегі шаралар көрсетілді,оның ішінде нысаналы топқа кіретін 276 жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа жіберілді. «Жастар тәжірибесі» кіші бағдарламасынабілім беру мекемелерінің 324 түлегі қатысты, ақылы қоғамдық жұмыстарға  550 жұмыссыз жіберілді.
Кәсіби оқытудың қысқа мерзімді курстарына  626 адам жолданды. 
Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерліктің негіздерін оқыту курстарына  78 адам жіберілді, олардан 60 адам оқуды аяқтап сертификат алды.
Екінші деңгейлі банктер арқылы 38 адамға қолданыстағы бизнесті кеңейтуге 332,560  млн.теңге сомасында шағын несиелер берілді.  
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды 6,815  млн. теңге сомасында 21 адам алды.
Тіркелген еңбек нарығындағы жұмыссыздар саны 2193  адамды құрады. 
 
 
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, 
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ