Басы » жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал » Жаналықтар » Халықтың нысаналы топтары үшін бос жұмыс орындарын өткізу туралы
Халықтың нысаналы топтары үшін бос жұмыс орындарын өткізу туралы
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
08-08-2019 17:08
Халықтың нысаналы топтары үшін бос жұмыс орындарын өткізу туралы
Халықтың нысаналы топтары үшін бос жұмыс орындарын өткізу туралы 
ақпарат
(пробация қызметінің есебінде тұрған бас бостандығын айыру орындарын босатылғандар, алиментшілер)
 
2019 жылдың 7 тамызында 11.00 сағ. ШҚО бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аймақтық филиалы ғимаратындағы конференция залында, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының, Халықты жұмыспен қамту орталығы, Семей қаласы прокуратурасы және пробация қызметтері өкілдерінің қатысуымен халықтың нысаналы топтары үшін (пробация қызметінің есебінде тұрған бас бостандығын айыру орындарын босатылғандар, алиментшілер) бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізді. 
Жәрмеңкеде ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Т.М.Жігітаев, Семей қаласының прокурорының орынбасары Н.М.Турубаев және ШҚО ДБ Семей қаласының № 3 емханасының бас дәрігерінің орынбасары, МӘМС бойынша спикері Ш.М.Сасеновалар сөз сөйледі.
Жәрмеңкеге пробация қызметі есебінде тұратын, бас бостандығын айыру орындарынан босатылған тұлғаларды жұмысқа орналастыру үшін қабылданған квотаға енгізілген кәсіпорындардың тізімдегі 20 жұмыс берушілер қатысты. Қатысушыларға www.enbek.kz сайтында орналасқан 500 бос жұмыс орындары ұсынылды.
Қатысушылар саны  100  адамға жуық болды, тұрақты жұмыс орындарына 14  адамға жолдама берілді, 52 адамға кеңес берілді.
Жәрмеңкедегі барлық жұмыс іздеушілерге біріңғай жиындық төлем (БЖТ) енгізуді туралы түсініктеме, еңбек нарығының жағдайы, жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікке жәрдемдесу шаралары, жаңа форматағы әлеуметтік көмек беру туралы мамандардың кеңестерін алу мүмкіндігі берілді.
Бос жұмыс орындарына бұқаралық ақпарат құралдарының өкідері қатысты (ТВК-6, «Қазақстан – Семей» телеарналары, «Семей таңы», «Литер» ж.б. газеттер). 
 
 
 
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, 
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ