Басы » жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал » Жаналықтар » Ядросыз әлем-біздің басты мақсатымыз
Ядросыз әлем-біздің басты мақсатымыз
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
03-09-2019 18:19
Ядросыз әлем-біздің басты мақсатымыз
«ШҚО Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ- нің әлеуметтік қызметкерлерінің ұйымдастыруымен және қалалық орталық кітапхана әкімшілігінің демеушілігімен    аптасына 2 рет   «Қолөнер» және «Бейнелеу өнері» үйірмесі өтеді.Үйірмеге келетін қызмет алушылармен   29.08.2019ж. күні  «Ядросыз әлем-біздің басты мақсатымыз» тақырыбында ашық шұғылдану жұмысы өткізілді.  Мақсаты: «Невада -Семей» азаматтық қозғалысы , оның құрылу мақсаты, жетекшілері туралы мәлімет беру. Қоршаған ортаны таза ұстауға, туған елдің, жердің табиғатын қорғау жолында өз үлесін қосуға тәрбиелеу. Сөйлеу тілдерін, сөздік қорларын молайтып, өз ойларын ашық айтып, толық жеткізе алу қабілеттерін дамыту. «Семей полигоны» жөнінде бейне ролик және  Қазақстанның көрікті жерлері туралы слайд көрсетілді. Сондай-ақ, тақырыпқа сай түрлі среттер салынды. ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі Роза Рымбаеваның орындауында «Заман-ай» әні тыңдалып, мазмұнына түсінік берілді.      
Орталығымыздың қызмет алушылары Елбасымызға, басқа да атсалысқан ата-ағаларымызға  еліміздің өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан игі қадамы үшін ризалықтарын білдірді  және әрқашан  елімізде, жерімізде тыныштық заман болғанын қалайды.
 
 
 
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, 
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ