Жұмыспен қамту
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
04-09-2019 11:32
Жұмыспен қамту
Қазақстан Республикасы Үкіметімен халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту үшін «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай  кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды, бұл бағдарлама аясындақала халқының жұмыспен қамтылуына жәрдемдесудің белсенді шаралары іске асырылады: жұмысқа орналастыру; уақытша ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту;  кәсіптік оқытуға жолдау; жастар тәжірибесі және әлеуметтік жұмыс орындарымен қамту,кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу.
2019  жылғы 2 қыркүйегіндегі жағдай  бойынша  4389  адам жұмысқа орналасуға жәрдемдесу мәселесімен өтініш жасады. 2408 адамға жұмысқа орналастыру жөніндегі шаралар көрсетілді, оның ішінде нысаналы топқа кіретін 296 жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа жіберілді. «Жастар тәжірибесі» кіші бағдарламасына білім беру мекемелерінің 442 түлегі қатысты, ақылы қоғамдық жұмыстарға  575 жұмыссыз жіберілді.
Кәсіби оқытудың қысқа мерзімді курстарына  669  адам жолданды, Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерліктің негіздерін оқыту курстарына  78 адам жіберілді.
Екінші деңгейлі банктер арқылы 43 адамға қолданыстағы бизнесті кеңейтуге шағын несиелер берілді.  
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды 6,815  млн. теңге сомасында 21 адам алды.
Тіркелген еңбек нарығындағы жұмыссыздар саны 2150  адамды құрады. 
 
 
 
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, 
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ