Басы » жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал » Жаналықтар » Әке болуды анықтау және бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу
Әке болуды анықтау және бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
27-09-2019 12:07
Әке болуды анықтау және бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу
Ата-аналар егер сіздер сәбилі болсаңыздар, алайда заңды түрде некеге тіркелуге үлгермеген болсаңыздар оған қынжылудың қажеті жоқ. Әке болуды анықтауды тіркетіп, балаңызға тегін беріп, заңды түрде туған биологиялық әкесі болып таныласыз. Семей  қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің  халыққа қызмет көрсету құзіретіне 7 түрлі  азаматтық хал актілерін тіркеу кіреді. Соның ішінде әке болуды анықтау және бала асырап алуды  мемлекеттік тіркеу болып табылады.
18.01.2012 жылғы Қазақстан Республикасының «Неке /ерлі-зайыптылық/ және отбасы туралы» Кодексіне сәкес әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу төменде көрсетілген негізде тіркеу органында жүргізіледі.     
Әке болуды анықтауды тіркету үшін баланың ата-анасының жеке басын куәландыратын   құжаттары және баланың туу туралы куәлігі болуы қажет.          
Әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу:
1. баланың ата-анасының әке болуды анықтау туралы бірлескен өтініші;
2. анасы қайтыс болған, анасы қайтыс болды деп жарияланған; анасы психикалық аурудың немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған; анасы ата-ана құқықтарынан айырылған не оның ата-ана құқықтары шектелген; баланың анасының тұрғылықты жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайларда баланың әкесінің өтініші;
3. әке болуды анықтау туралы, сондай-ақ әке болуды тану фактісін және әке болу фактісін анықтау туралы сот шешімі негізінде тіркеуші органдарда жүргізіледі.
Егер әке (ана) болуды белгілеуді мемлекеттік тіркеу тууды мемлекеттік тіркеумен бір мезгілде жүргізілсе, баланың туу туралы куәлігі қоса берілмейді.
Баланың ата-анасының бірлескен өтініші негізінде әке (ана) болуды белгілеуді өкіл арқылы тіркеуге жол берілмейді.
Әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органдар баланың туған жері бойынша, баланың әкесінің немесе анасының тұрғылықты жері бойынша не әке болуды анықтау туралы немесе әкелікті тану фактісін және әке болу фактісін анықтау туралы сот шешімі шығарылған жер бойынша жүргізеді.
Анасы қайтыс болған немесе оны әрекетке қабілетсіз деп таныған, анасының тұрған жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда немесе оны ата-ана құқықтарынан айырған жағдайда, баланың орналасқан жері әке болуды анықтауды тіркеу орны болып табылады.
Әке болуды анықтау туралы, сондай-ақ әке болу фактісін және әкелікті тану фактісін анықтау туралы сот шешімінің негізінде әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу баланың анасының, әкесінің немесе қорғаншысының не қамқоршысының өтініші бойынша жүргізіледі.
Өтінішке соттың заңды күшіне енген шешімінің көшірмесі, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар және баланың туу туралы куәлігі қоса беріледі.
Әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу өзінің баланың әкесі екенін мойындаған адамның жазбаша өтініші бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Өзінің баланың әкесі екенін мойындаған адамның өтінішіне оның жеке басын куәландыратын және анасының болмауының мән-жайын растайтын құжаттар: анасының қайтыс болуы туралы куәлік; психикалық аурудың немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан анасын әрекетке қабілетсіз деп тану туралы, оны қайтыс болды деп жариялау туралы, анасын ата-ана құқықтарынан айыру не оны шектеу туралы сот шешімі; анасының тұрғылықты жерін анықтаудың мүмкін еместігі туралы анықтама қоса беріледі.
Әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу -  бала мен оның ата-анасының арасындағы қарым-қатынасты реттейтін  азаматтық хал актілерін тіркеудің заңды факоры  болып табылады.
Өзiнiң мүдделерiне қайшы келетiн жағдайларды қоспағанда, әрбiр баланың отбасында өмiр сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзiнiң ата-аналарын бiлуге құқығы, олардың қамқорлығында болуға құқығы, олармен бiрге тұруға құқығы бар.
Ата-аналары болмаған кезде, олар ата-ана құқықтарынан айрылған не олар шектелген кезде және ата-ана қамқоршылығынан айрылған басқа да жағдайларда осы Кодекстің 13, 15 және 18-тарауларында белгiленген тәртiппен қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган баланың отбасында тәрбиелену құқығын қамтамасыз етедi.
Бала асырап алу баланы асырап алу туралы заңды күшіне енген сот шешімі және баланың заңды өкілдерінің өтініші негізінде тіркеуші органда тіркеледі.
Бала асырап алу туралы акт жазбасына бала және бала асырап алушылар туралы мәліметтер соттың шешімінде көрсетілген мәліметтерге сәйкес енгізіледі.
Бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу бала асырап алу туралы сот шешім шығарған, баланың туған немесе тұрған жері бойынша тіркеуші органда жүргізіледі.
Бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсеткен және соттың бала асырап алу туралы заңды күшіне енген шешімінің көшірмесін ұсынған кезде бала асырап алушының жазбаша өтініші бойынша жүргізіледі.
Егер ұл (қыз) бала асырап алу туралы соттың шешiмiнде көрсетiлген асырап алынған ұл (қыз) бала туралы мәліметтер тууы туралы куәлiкте бар осындай мәлiметтермен сәйкес келмесе немесе асырап алушылардың жеке бастарын куәландыратын құжаттардағы мәлiметтер соттың шешiмiндегi жазылған жазбамен сәйкес келмесе, ұл (қыз) бала асырап алуды мемлекеттік тiркеу мәліметтер нақтыланғанға дейін кейiнге қалдырылады. 
Сол себептен  бала асырап алуға өтініш берер алдында өініш берушілер барлық құжаттарын мұқият, тиянақты тексеріп  алуы тиіс.
Бала асырап алушылар бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш беруге жазбаша нотариатта куәландырылған нысанда басқа адамдарға уәкілеттік беруге құқылы.
Бала асырап алу туралы куәлікті бала асырап алушыларға мемлекеттік тіркелген орны бойынша тіркеуші орган береді.
Осы жарияланған ақпарат  кейбір адамдарға отбасылық жағдайдағы қиындықтарды шешуге көмектеседі деп сенеміз.
Балалар – біздің болашағымыз. Ата-ананың мейірімі, махаббаты ғана баланы бақытты ете алады. Балаларыңыздан ыстық махаббаттарыңызды аямаңыздар.
 
 
 
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, 
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
 хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ