«Тоғызқұмалақтан» қала Чемпионаты
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
08-10-2019 12:24
«Тоғызқұмалақтан» қала Чемпионаты
2019 жылдың қыркүйек айында Семей қаласының Шәкәрім атындағы орталық кітапханасында  көру және есту мүшелері, қимыл - тірек аппараты зақымданған спортшылар арасында Тоғызқұмалақтан қала Чемпионаты өтті. Жарысқа «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің қызмет алушылары да белсене қатысты. 
Чемпионатты кітапхана меңгерушісі Евланпиева Е.П. ашып, жылы лебізін білдіріп, ойыншыларымызға сәттілік тіледі. 
Жарыс 3 турдан тұрды. Чемпионатқа жалпы 32 ойыншы қатысты. Орталықтың қызмет алушылары Алимбеков Жасұлан 1орын, Мұратов Нұрым 3жүлделі орындарға ие болды.
Барлық спортшылар жақсы ойын көрсетіп, мақтау қағаздарымен және медальдармен марапатталды. 
 
 
 
 «ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, 
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық 
хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ