Жан жылуы
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
21-10-2019 11:39
Жан жылуы
Ағымдағы жылдың қазан айының басында мүгедектер күніне орай «ШҚО Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы»  КММ-нің қызмет алушылары, аз қамтылған отбасыларының балаларына қайырымдылық астар ұйымдастырылды. Іс-шараны «Ақ бата» кафесі және «Хан сарайы», «Ассорти» мейрамханалары өткізуге көмектесті.
Қайырымды іс жасау оған мұқтаж адамның жанына жұбаныш болады. Қайырымдылық жасасан қайырымын көресін демекші, кафе, мейрамхана ұжымы балаларды жылы ниетпен қарсы алды. Осындай отырысқа келген балалар шын жүректен риза болды. Қайырымдылық астың ұйымдастырушыларына және өткізілген орындардың ұжымы жасаған мерекелік дастарханына алғыстарын , жылы лебіздерін білдірді.
 
 
 
 
Семей қаласының жұмыспен қамту, 
әлеуметтік бағдарламалар 
және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі