Ақпараттық - түсіндіру жұмыстары
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
12-11-2019 08:38
 Ақпараттық - түсіндіру жұмыстары
Ақпараттық - түсіндіру жұмыстары
 
2019 жылдың 8 қарашасында «Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ халықты жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп медиа – жоспарға сәйкес «Семей қаласының №7 емханасы» ШЖҚ КМК ұжымы арасында атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері бойынша ақпараттық - түсіндіру жұмысын ұйымдастырып өткізді.  
Кездесу барысында ақпараттық – насихаттау топ мүшелері қатысушыларды 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырылатын атаулы әлеуметтік көмекті берудің жаңа тәртібімен таңыстырды. Сонымен қатар, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында еңбекке қабілетті азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету шаралары туралы ақпараттандырды.
Ақпараттық – насихаттау топ өкілдері емхана қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.
 
 
 
«Жұмыспен қамту, әлеуметтік
бағдарламалар және азаматтық 
хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ