Басы » жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал » Жаналықтар » «Мен және айналадағы әлем» атты психологиялық тренинг
«Мен және айналадағы әлем» атты психологиялық тренинг
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
21-11-2019 16:37
«Мен және айналадағы әлем» атты психологиялық тренинг
«Мен және айналадағы әлем» атты психологиялық тренинг 
 
«ШҚО Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де жоспар бойынша «Мен және айналадағы әлем» тақырыбында 18 жастан асқан қызмет алушыларға  психологиялық тренинг өткізілді.       
Тренингтің мақсаты: Тұлғалардың өмір туралы көзқарастарын және өмірді қалай сүйетіндерін анықтау; өмірдегі орны қандай деңгейде бағаланып жатқанын, қаншалықты білетіндерін анықтау.Тұлғаларды ортақ  мәселелерін  бөлісуге, достық    қарым-   қатынасқа тәрбиелеу.            
Тренинг барысында « Өз жартыңды тап» мозайка әдістерімен суреттерді құрастырды. «Әнді тап», «Биле, биле», «Қызықты мультфильм» көрсетілімдеріне белсеңді түрде қатысты. Іс-шараның соңына қарай «Тілек гүлімен» бір-біріне гүл беріп, жылы лебіздерімен қорытындылады. 
Тренинг соңында барлық қатысқан қызмет алушыларға тәттілер таратылып берілді.        
  
 
 
«Жұмыспен қамту, әлеуметтік
бағдарламалар және азаматтық 
хал актілерін тіркеу бөлімі»