Басы » жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал » Жаналықтар » 4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа мемлекеттік жәрдемақының енгізілуі
4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа мемлекеттік жәрдемақының енгізілуі
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
27-11-2019 12:24
4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа мемлекеттік жәрдемақының енгізілуі
4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа мемлекеттік жәрдемақының енгізілуі
 
Үкімет 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көп балалы отбасыларды қолдау, жетілдірілген атаулы әлеуметтік және кепілдендірілген әлеуметтік көмек кіретін жаңа заң жобасын әзірледі.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көп балалы отбасыларға бұрын тағайындалған арнайы мемлекеттік жәрдемақының орнына көп балалы отбасыларға табысына қарамастан мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады. Яғни, 4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын көп балалы отбасыларға республикалық бюджеттен кепілдендірілген жәрдемақы беріледі.
Мемлекеттік жәрдемақы тағайындау шарты
-негізгі шарт 18 жасқа дейіні балалар ата аналарымен бірге тұру керек және 18 жасқа толғаннан кейін күндізгі оқу нысанын растау керек.
-жәрдемақы мөлшері отбасындағы балалар санына қарай бөлінеді;
2020 жылға АЕК мөлшерін (2651 теңге) ескере отырып мөлшер келесідей болады:
төрт балаға - 42 495,53 теңге (16.03 АЕК) 
бес балаға - 53 126,04 теңге (20.04 АЕК) 
алты балаға - 63 756,55 теңге (24.05 АЕК)
жеті балаға - 74 387,06 теңге (28.06 АЕК)
2018 жылдың 1 қаңтарында көп балалы отбасыларға тағайындалған жәрдемақы сомасы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап автоматты түрде қайта есептейді.
Жәрдемақы алу үшін көпбалалы отбасы Мемлекеттік корпорацияға (ХҚКО) жүгінуі керек. Жәрдемақыға өтініш беруші өтініш берген күннен бастап тағайындалады. 2018 жылдың 1 қаңтарында жәрдемақы тағайындалған отбасылар егер балалар саны өзгерсе , яғни балалар 2018 жылдың қаңтарынан кейін туылған болса ғана өтініш береді.
Көп балалы отбасыларға жәрдемақы төлеу егер отбасындағы ең үлкен бала 18 жасқа толған болса және күндіз оқымаса немесе шығарылған болса тоқтатылады.
Баланы күндізгі бөлімде оқыған жағдайда жәрдемақы ол 23 жасқа толғанға дейін тағайындалады.
Неке және отбасы туралы кодексте көп балалы деп отбасы - кәмелетке толмаған балаларды, оның ішінде күндізгі бөлімде оқитын студенттерді қоса алғанда, олар оқуын бітіргенге дейін кәмелетке толғанға дейін тұратын төрт немесе одан да көп отбасы тұрады.
    
 
 
 
«Жұмыспен қамту, әлеуметтік
бағдарламалар және азаматтық 
хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ