Басы » жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал » Жаналықтар » "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ» ата-аналар жиналысы
"Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ» ата-аналар жиналысы
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
13-12-2019 09:15
"Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" КММ» ата-аналар жиналысы
 
2019 жылдың 05 желтоқсанында  ШҚО Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің үйден әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелерінде «ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ-сі акт залында  жалпы  ата-аналар жиналысы өтті. 
Жиналыстың мақсаты: Орталықта атқарылған жұмыс түрлері туралы ақпарат беру, қызмет алушыларды әлеуметтік бейімдеу және дамыту мақсатында нәтижелі жұмыс жүргізу үшін мамандар мен ата-аналардың арасындағы байланысты нығайту. 
Жиналысқа ата-аналар және Орталықтың мамандары қатысты. Орталық директоры Тынысова Р.Т. жыл бойы атқарылған жұмыстар, жетістіктер туралы баяндама жасалып, слайд арқылы көрсетілді. Жиналыстың ашылуы мен аяқталу кезеңінде психолог маманы Байжұманова Б.С. қатысушылармен психологиялық тренинг өткізді. Ата-аналардың өздерін толғандырып жүрген  өзекті мәселелері бойынша қойылған сұрақтарға арнайы мамандар мен директор жауап берді. Ата-аналар балаларының жеткен жетістіктеріне қуанып,орталықтың 2019 жылы атқарған жұмысына қанағаттанарлық алғыстарын білдірді.
 
 
 
«Семей қаласының  жұмыспен қамту, 
әлеуметтік бағдарламалар және
азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі