Көңілді туған күн
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
27-12-2019 09:07
Көңілді туған күн
Көңілді туған күн
 
 
2019 жылдың 19 желтоқсанында «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің қызметкерлері орталықтың қызмет алушылары мен олардың ата-аналары үшін «Туған күн» мерекесін ұйымдастырды. Төртінші тоқсанда туған күнін атап өткен балаларды құттықтады. 
Іс-шара сайыстармен, ойындармен, концерттік нөмірлермен және мерекелік шай ішумен ұйымдастырылды.
Туған күн иелері үшін «Досыңа қар ұшқынын сыйла», «Ауа райы болжамы», «Тосынсыйы бар  қорап» атты  сайыстары өткізілді. Кеш қатысушылары сайыстың барлық тапсырмаларын сәтті орындады.
Іс-шараға «Жорға» би студиясының тәрбиеленушілері белсенді қатысты. "Чунга - чанга" биінің қызықты орындалуы барлық жиналғандарды қуантты.
Байқау бағдарламасы аяқталғаннан кейін, кештің маңызды сәті - туған күн иелері тілектерін айтып, мерекелік торттағы шамдарды үрледі.
Қандай туған күн тәтті тағамсыз өтеді?! «Алина» мейрамханасы мен «Хлебная лавка» дүкенінің демеушілерінен тәтті тағамдарынан дәм татып бір - бірін туған күндерімен құттықтады.
Кеш дискотекамен жалғасты.
 
 
 
Семей қаласының жұмыспен қамту, 
әлеуметтік бағдарламалар 
және азаматтық хал актілерін
  тіркеу бөлімі