Басы » жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал » Жаналықтар » «ШҚО Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де күндізгі бөлімше мамандары «Жаңа жылдық ертегі» атты мерекелік іс-шара өткізді
«ШҚО Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де күндізгі бөлімше мамандары «Жаңа жылдық ертегі» атты мерекелік іс-шара өткізді
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
06-01-2020 14:47
«ШҚО Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де күндізгі бөлімше мамандары «Жаңа жылдық ертегі» атты мерекелік іс-шара өткізді
«ШҚО Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де күндізгі бөлімше мамандары «Жаңа жылдық ертегі» атты мерекелік іс-шара өткізді
 
 
Жаңа жыл қарсаңында 2019  жылдың 30- желтоқсанында «ШҚО Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де күндізгі бөлімше мамандары «Жаңа жылдық ертегі» атты мерекелік іс-шара өткізді. Жаңа жыл барлық адамдар  үшін ең қызықты мереке. Сондықтан, ең жарқын сәттердің есте қалары анық. 
Мереке жақсы қарқынмен эмоционалды, жанданған түрдеөтті. Орталық мамандары балалармен қарым-қатынас жасай отырып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.Мереке барысында ата – аналар мен балаларға  эмоционалдық жауап ретінде, әр түрлі тосын сыйлар мен қолды шапалақтау, аяқтарды тарсылдату сияқты ойын ырғағының үлгілері көрсетілді. Ата-аналарда  «Менің қимылымды қайтала»  атты қызықты ойынға белсене қатысты.
Балалар билеген «Аққала» мен «Жұлдыздар мекені» биі көпшіліктің көңілінен шықты. 
Үлкендермен бірге балаларда  мерекелік шыршаны көңілді айналып шықты.  Жаңа жылдық мерекеде  дәстүрлі түрде Аяз Ата мен Ақшақар болды, ал балалар болса Аяз Атаға өз өлеңдерін оқып берді. Сондай - ақ, Жаңа жылдық құттықтауға әр түрлі ертегі кейіпкерлері келді: Ертегі Феясы, Аққала Олаф, Боран  ханшайымы.
Орталық мамандары  кейіпкерлердің костюмдерін(киімдерін) өз қолдарымен тігу арқылы, үлкен шығармашылық қиялдың, сұлулық пен эстетикаға тән үлгісін көрсетті. Мереке  соңында барлығы ескі жыл- Доңызбе  қоштасып, Жаңа Жыл– Тышқанды  қарсы алды. Әрине, мереке соңында Аяз Ата балаларға сыйлығын таратты.
Мұндай іс – шаралар ерекше қажеттіліктері бар баланың жақсы дамуына  көмектеседі, бала үшін мерекелік  іс-шараның мәнін түсіну эмоциялық оң әсер тудырады.    
 
 
 
«ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, 
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ