Басы » жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал » Жаналықтар » Қалалық әлеуметтік әріптестік және еңбек пен әлеуметтік қатынастарды реттеу жөніндегі үш жақты комиссиясының отырысы туралы
Қалалық әлеуметтік әріптестік және еңбек пен әлеуметтік қатынастарды реттеу жөніндегі үш жақты комиссиясының отырысы туралы
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
12-02-2020 15:32
Қалалық әлеуметтік әріптестік және еңбек пен  әлеуметтік қатынастарды реттеу жөніндегі  үш жақты комиссиясының отырысы туралы
Қалалық әлеуметтік әріптестік және еңбек пен  әлеуметтік қатынастарды реттеу жөніндегі  үш жақты комиссиясының отырысы туралы
 
2020 жылдың 11 ақпанында қала әкімінің орынбасары А. С. Садырбаевтың төрағалығымен қалалық әлеуметтік әріптестік және еңбек пен әлеуметтік қатынастарды реттеу жөніндегі үшжақты комиссиясының кезекті отырысы өтті. 
Күн тәртібіне сәйкес, қала кәсіпорындарында еңбекақы берешектерін жою бойынша қабылданған  шаралар  туралы; әлеуметтік әріптестік және еңбек пен әлеуметтік қатынастарды реттеу жөніндегі үшжақты комиссия жұмысының 2019 жылғы қорытындылары; әлеуметтік әріптестік және еңбек пен әлеуметтік қатынастарды реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның 2020 жылға арналған жұмыс Жоспарын бекіту; міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру өткізу жөнінде азаматтардың статустарын формализациялау және жанарту шеңберінде электрондық саулнама жүргізу туралы мәселелер қаралды.
Семей қаласы бойынша еңбек заңнамасын бақылау бөлімінің басшысы              Т.Түсіпбаевтың және жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорындар басшыларының ақпараттары; қалалық үшжақты комиссиясының үйлестірушісі мен тең төрағаларының есептері тыңдалды; 2020 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Пікір алмасудан кейін берешекті жою; міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды еңгізу бойынша азаматтардың статустарын ресімдеу шеңберінде үй-үйді аралауды жүргізу бойынша нақты тапсырмалар берілді.
 
 
 
«Семей қаласының  жұмыспен қамту, 
әлеуметтік бағдарламалар және
азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі