«Аяулы, асыл жандар» сайысы
Автор: жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал
16-03-2020 15:26
«Аяулы, асыл жандар» сайысы
«Аяулы, асыл жандар» сайысы
 
 
Ерекше балаларды тәрбиелеуде ата-ананың жалпы ортасын кеңейту, өз ара түсінік пен бірлікке баулу мақсатында «ШҚО Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы КММ-сі 8- Наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай қызмет алушылардың аналарына  арналған «Аяулы, асыл жандар» атты боулингтен «Battle» ойын - сауық кешенінде мерекелік турнир өткізілді. Бұл іс- шара жылда дәстүрлі түрде ұйымдастырылып, биылғы жылы ұлы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналды. Сайысқа 6 анадан құралған төрт топ қатысты. Топ басшысы болып өткен жылғы жарыстар женімпаздары сайланды. Сайыс сәлемдесу, флеш - моб билеп, боулинг жолақтарындағы ойын мен құттықтау және Абай әндерін бірінен соң  - бірі жалғастырып айту кезеңдерінен тұрды. Сайысқа қатысушы аналарды орталық директоры Р.Т.Тынысова құттықтай отырып, сәттілік пен жеңіс тіледі. Әр қатысушы өз командасын жоғары ұпай санымен алдыңғы қатарға алып шығаруға үлкен  үлес қосты, жарыс барысында бір-бірін қолдап, жігерлендіріп отырды. Ойын өте қызықты, тартымды, көңілді өтті. Іс-шара соңында «Battle» ойын-сауық кешенінің әкімшілігі құттықтау сөз сөйлеп, ұпай сандарының нәтижесіне қарай сайысқа қатысқан аналарды мадақтама қағаздарымен марапаттады. Сайыс мерекелі дастарханмен жалғасты. Ата-аналар бір-біріне деген жылы лебіздерін білдірді. Мұндай мәдени іс-шара үйде ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған  аналарға  мерекелік  көңіл - күй  сыйлайтыны  сөзсіз.
 
 
Семей қаласының жұмыспен қамту, 
әлеуметтік бағдарламалар 
және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі