Басы » Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі » Жаналықтар » Екатерина Бобко - «Тілдарын» республикалық олимпиадасының жеңімпазы
Екатерина Бобко - «Тілдарын» республикалық олимпиадасының жеңімпазы
Автор: Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
13-11-2017 12:32
Екатерина Бобко - «Тілдарын» республикалық олимпиадасының жеңімпазы
Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің студенті Екатерина Бобко «Тілдарын» республикалық  олимпиадасында 3 орынды иеленді. Сәуір айында Екатерина олимпиаданың облыстық кезеңінде бас жүлдені жеңіп алып, республикалық кезеңде сайысқа түсетін 16 жеңімпаздың қатарынан көрінген болатын. 
«Тілдарын» республикалық олимпиадасы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өткізілді. Шараны Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы әдістемелік орталығы ұйымдастырды. Олимпиада қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастарды қолдау мақсатында жыл сайын өткізіледі. 
2017 жылы «Тілдарын» олимпиадасы Ақмола облысындағы «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында өтіп, екі күнге жалғасты. Бағдарламаға сәйкес қатысушылар берілген тақырыптың мазмұнын ашу, эссе жазу және мәтінге ілеспе аударма жасауға міндеттелді. Әр тапсырма үш тілде – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде орындалды. 
Нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғаған  Екатерина Бобко 3 орынды иеленді. 
Барлық қатысушылар дипломдармен, алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. 
 
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі