Басы » Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі » Жаналықтар » «Латын әліпбиіне көшудің басым бағыттары» тақырыбында түсініктеме беру жұмыстары жүргізілді
«Латын әліпбиіне көшудің басым бағыттары» тақырыбында түсініктеме беру жұмыстары жүргізілді
Автор: Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
14-11-2017 14:44
«Латын әліпбиіне көшудің басым бағыттары» тақырыбында түсініктеме беру жұмыстары жүргізілді
«Семей қаласының тілдерді оқыту орталығының» латын әліпбиіне көшуге байланысты арнайы әзірленген жұмыс жоспарына сәйкес, А2 деңгейі бойынша мемлекеттік тілді оқитын мамандандырылған әкімшілік соты  қызметкерлерінің арасында «Латын әліпбиіне көшудің басым бағыттары» тақырыбында  түсінік жұмысы жүргізілді. Шара барысында сот қызметкерлеріне Елбасы бекіткен  латын әліпбиі таныстырылып, өз есімдерін латын әліпбиінде жазып көру ұсынылды. Сот қызметкерлері өз пікірлерін ортаға салып, жаңа әліпбиді үйренуге дайын екендерін білдірді.  
 
Семей қаласының тілдерді оқыту орталығы